Бесінші қарашада Қазақстанда аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау өтеді. Бұл күні өз басшысын Солтүстік Қазақстан облысының  Мамлют, Есіл және Тимирязев аудандарының тұрғындары да таңдайды, деп хабарлайды Qazaqstan media тілшісі.

Тимирязев ауданын соңғы бір жарым жылды Еран Жаров басқарады. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының тумасы. Құқықтану және менеджмент мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар. Үйленген, төрт баласы бар. Еңбек жолын 2003 жылы Көкшетау қаласындағы «Дезинфекция» ААҚ филиалында заңгер болып бастаған. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі маманнан аудан әкімінің ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі орынбасарына дейін көтерілді.  2022 жылдың мамыр айында Тимирязев ауданының әкімі болып тағайындалды.

«Мемлекеттік қызметте жұмыс істей жүріп жинаған тәжіибемді  аудан тұрғындарының игілігі үшін пайдаланғым келеді. Мен біздің ауданның проблемаларын жақсы білемін. Нашар жолдар, сапалы ауыз судың болмауы. Осы мәселелерді шешуде көп жұмыстар атқарылды: 9 ауылдық округте су мұнаралары пайдалануға берілді, аудан орталығының кентішілік жолдарын жөндеу басталды. Бірақ одан да көп нәрсе істеу керек. Мен бар мәселелерді қалай шешуге және бүкіл ауданның өмірін жақсартуға болатынын білемін. Мүны мен тек Сіздердің қолдауларыңыздың арқаснда ғана жасай аламын!»- деп жазды аудан әкіміне  кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасында.

Сайланған жағдайда Ерлан Жаров төрт жыл ішінде ауылдағы ең өзекті мәселелерді шешуге қатысуға және ықпал етуге уәде береді. 2026 жылға қарай ауданның барлық ауылдық округтеріне кірме жолдар жөнделмек. Олардың жалпы ұзындығы 25 шақырымнан асады. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 2027 жылға дейін ауданның барлық білім беру мектептерінде күрделі жөндеу жүргізуді көздеп отыр.  2027 жылға қарай ауданның барлық ауылдарында 35,9 км сумен жабдықтау желілері қайта жаңарту жоспарда бар.   Тимирязево ауылында жаңа орталық қазандық салу, жылу желілерін қайта құру. Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы өнімдерін, атап айтқанда ет, сүт және балық өндіру бойынша 4 инвестициялық жобаның іске асырылуын бақылауға алу.  Инвестиция тарту арқылы орта және шағын бизнесті дамыту үшін қолайлы климат құруға ықпал ету. Бұл Ерлан Жаровтың болашақтағы жоспарының бір бөлігі ғана.

«Бүгінгі таңда орталық аудандық аурухананы күрделі жөндеу және медициналық кадрлардың жетіспеушілігі мәселесі өткір тұр. Мен бұл мәселені жұмыс барысында шешуді жоспарлап отырмын. Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру және заңсыз пайда болған қоқыс алаңдарын  жою бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады. Жұмыссыздықты қысқарту мақсатында «ауыл аманаты» жобасының оң тәжірибесін қолданамын. Халықты жұмыспен қамтуға ерекше назар аударамын. Жас мамандарды жұмысқа орналастыру бойынша барынша күш саламын. Сіздермен бірге ауданымыздың танымал тумаларының мәдени-рухани мұрасын насихаттайтын боламын. Ауданда спортты қолдау мен дамытуға бюджет қаражатын ұлғайту бойынша жұмысты жалғастырамын», – деп атап өтті Тимирязев ауданы әкіміне кандидат.

Еран Жаров ауыл тұрғындарымен бірге балалар үшін жарқын болашақ құруға болатынына сенімді.

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкіміне кандидат Е.Қ. Жаровтың тапсырысы бойынша «QazaqstanMedia» ЖШС дайындалды. Жергілікті бюджет қаражатынан төленді.

Тағы оқыңыз: Петропавлда «асық ату» және «бес асық» спортынан облыстық чемпионат басталды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x