Петропавлда мас күйде көлік басқарған 21 жастағы азамат ұсталды. Оны патрульдік полиция қызметкерлері Абай мен Тоқсан би көшелерінің қиылысында тоқтатқан, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Көлік тізгіндеген астаналық жігітті медициналық куәландыруға жеткізілді. Сараптама оның алкогольдік мас күйде болғанын растады. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мас күйде көлік басқарғаны үшін 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу және жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы қарастырылған. Полиция өкілдері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтап, мас күйде көлік тізгініне отырмауға шақырады.

«Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында мас күйде көлік басқарудың 985 дерегі тіркелген. Ал қарашаның соңғы аптасында осындай 13 жүргізуші жауапқа тартылды», — деп хабарлайды СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: «Ұмай» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

Поделиться:

Shares