Енді қазақстандықтар цифрландыру, инновация және ғылым салаларын дамытуға қатысты өз ұсыныстарын тікелей Құрылтайға жолдай алады. Ол үшін ресми сайтта арнайы бөлім іске қосылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жаңа бөлім Құрылтайдың Цифрландыру, инновация және ғылым комитеті жанынан құрылған сегіз сараптамалық кеңеске ұсыныстар қабылдауға арналған. Мұнда кез келген азамат немесе сала маманы қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге қатысты пікірін білдіріп, жаңа идеялар мен бастамаларын ұсына алады.

«Бұл бастама азаматтармен және сарапшылар қауымымен ашық пікір алмасуға, қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды, сондай-ақ тиісті салаларды дамытуға қатысты тың идеялар мен бастамаларды жинақтауға мүмкіндік береді», – деп хабарлады Құрылтайдың Цифрландыру, инновация және ғылым комитеті.

Бастаманың негізгі мақсаты – қоғам мен сарапшылардың пікірін ескере отырып, ел дамуына ықпал ететін тиімді шешімдер қабылдауға жағдай жасау.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ашық есік күнінде екі әйелден сүт безі қатерлі ісігі анықталды

Поделиться:

Shares