Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елдің алдағы даму кезеңіндегі негізгі міндеттерді айқындады. Мәдениет саласына да баса назар аударды. Президент көтерген бастамаларды СҚО қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі Айбол Қасым қолдайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Жолдауда әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, барлық өңірде мәдениет ошақтарын дамыту, цифрландыру мен жасанды интеллектіні кеңінен енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл міндеттер мәдениет саласы мен музей ісінің дамуына да жаңа мүмкіндіктер ашады. Себебі, музей – тарихи жәдігерлер сақталатын орын ғана емес, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, ұрпақ сабақтастығын жалғайтын және қоғамның тарихи санасын қалыптастыратын маңызды мәдени орталық.

Ал жаңа нысандарды салу зор жетістіктерге жетуге, жаңа таланттарды табуға жол ашады. Теріскейліктердің халықаралық сахнаға шығуына мүмкіндік береді. Келген көрерменге де ыңғайлы. Бұл — СҚО қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі Айбол Қасымның пікірі.

«Теріскейде мәденет саласы қарыштап дамып келеді. Қолдау көрсетіліп жатыр. Жетістіктеріміз де жоқ емес. Ізімізді басып келе жатқан жастарымыз көп. Болашақта Петропавлда «Жастар» театры ашылғанын қалаймын», — деді спикер.

Тағы оқыңыз: СҚО-да ашық есік күнінде екі әйелден сүт безі қатерлі ісігі анықталды

Поделиться:

Shares