Елде әйелдерге арналған «Ұмай» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдаудың екінші кезеңі басталды. Жобаға баспанасы бар қыз-келіншектер де қатыса алады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қыз-келіншектер үшін қуанышты жаңалық! Қазақстанда «Ұмай» тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталды. Басты талап – депозитте бастапқы жарнаның жеткілікті болуы. Оның мөлшері Астана мен Алматы қалаларында 20 пайыз, ал өзге өңірлерде 15 пайыздан кем болмауы тиіс,

Бағдарламаның бұл кезеңін жүзеге асыруға 20 миллиард теңге бөлінген. Үміткерлер соңғы алты айдағы ресми табысын растауы қажет. Бұл ретте несие көлемі 50 миллион теңгеге дейін жетеді. Ал жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 14,8 пайыз.

«Тағы бір ерекшелігі – қатысушылар баспананы тек жаңадан салынған үйлерден ғана емес, екінші нарықтан да таңдай алады. Яғни, бұрын пайдаланылған пәтерлерді де сатып алуға мүмкіндік бар. «Ұмай» бағдарламасы әйелдердің тұрғын үй жағдайын жақсартуға және баспаналы болуына қолдау көрсетуге бағытталған», — деп хабарлады «Отбасы банк» АҚ.

Тағы оқыңыз: «Ауыл құтқарушылары» өртті дер кезінде сөндірді

Поделиться:

Shares