Солтүстік Қазақстан облысында мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат науқаны басталды. Бірмандаттық сайлау округтері бойынша барлығы 536 кандидат тіркелген. Орта есеппен бір депутаттық мандатқа үш үміткерден таласып отыр, деп жазады Qazaqstan Media.
Сайлау комиссиясының мәліметінше, облыстық мәслихаттағы 15 орынға 45 кандидат, қалалық мәслихаттағы 18 орынға 56 кандидат тіркелген. Ал аудандық мәслихаттардағы 145 депутаттық орынға 435 адам үміткер.
Сонымен қатар облыстық мәслихат сайлауына бес саяси партия қатысады. Олар жалпы саны 52 кандидаттан тұратын партиялық тізімдерін ұсынған. Барлық партиялық тізімдер тіркеуден өтті. Қазіргі уақытта кандидаттар мен саяси партиялар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Үгіт-насихат науқаны 28 қараша сағат 00:00-ге дейін жалғасады. 28 қараша – тыныштық күні. Бұл күні сайлауалды үгіт жүргізуге тыйым салынады. 29 қараша – дауыс беру күні. Сайлау күні де үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілмейді.
Тағы оқыңыз: Петропавлда әйелімен ұрсысып қалған ер адам подъезде суицид жасамақ болған

