Қазақстан-Қытай мал шаруашылығы зертханасы ашылды

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде ҚХР солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы университетімен бірлесіп ауыл шаруашылығы өнімдерін зерттеу орталығын ашу туралы келісімге қол қойылды.Және  жиын барысында Қазақстан-Қытай мал шаруашылығы зертханасы да ашылды.Лабараторияға заманауи құрылғылар Қытайдан әкелінген,деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі

Ол жерде Kozybayev University оқытушылары мен студенттері жұмыс істеп, түрлі тәжірибе жасай алады. Жалпы, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық 2018 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Қазіргі уақытта, 13 Қытай студенті жергілікті ЖОО тәжірибеден өтіп жатыр.Екі жақты келісімнің мақсаты,университеттің кадрлық әлеуетін арттырып, бүкіл Қазақстан үшін жоғары білікті мамандар даярлау.

 «Бұл зертхананың негізгі мақсаты, СҚО бойынша мал шаруашылығы әсресе сүтті мал шаруашылығы деңгейін көтеру. Оның ішінде асыл тұқымды малдардың өнімділігін көтеру. +02:00. 2018 жылы бірлескен агротехнопарк ашылды университет базасында. Соның нәтижесінде мал шаруашылығы бойынша да осындай жұмыс атқаруға тырысамыз.»,-дейді агротехнологиялық факультеті деканның орынбасары Гульзат Қощугулова

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x