Ветеринария саласы мамандары үшін қуанышты жаңалық. Олардың айлығы артып, әлеуметтік қолдау күшейтіледі. Бұл туралы заң жобасы Құрылтайда мақұлданды, деп хабарлайды Qazaqstan Media. 

Құрылтай ветеринария мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Депутаттардың бастамасымен әзірленген құжат ветеринария саласын кешенді түрде жаңартуға бағытталған.

Заң жобасында ветеринария мамандарына бірқатар әлеуметтік қолдау көрсету көзделген. Атап айтқанда, жыл сайын ақылы еңбек демалысын беру және емдеу-сауықтыруға арналған жәрдемақыны кемінде екі лауазымдық жалақы мөлшерінде төлеу. Негізгі жұмыс орны бойынша ветеринария саласындағы ғылыми дәрежесі бар мамандарға ай сайын қосымша ақы төлеу. Нақтырақ айтқанда ғылым кандидаттарына – 17 АЕК, ал ғылым докторларына 34 АЕК көлемінде үстемеақы беріледі.

Сонымен қатар ветеринария саласында ветеринариялық палата түріндегі қоғамдық ұйым құрылады. Ол ветеринар дәрігерлердің құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғайды. Олардың есебін жүргізеді және біліктілігін арттыруға ықпал етеді.

Тағы оқыңыз: Мәслихат сайлауына қатысатын партиялардың бюллетеньдегі реті жеребе арқылы анықталды

Поделиться:

Shares