СҚО-да жыл басынан 68 адамнан туберкулез анықталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19 пайызға төмен, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Солтүстік Қазақстан облысында алты айдың қорытындысы бойынша туберкулезбен сырқаттанушылық төмендеген. Алты айда өңірде туберкулездің 68 фактісі тіркелді. Өткен жылдың осы кезеңінде 85 жағдай анықталыпты.
Ауруды ерте анықтау мақсатында профилактикалық тексеру жұмыстары жүргізілуде. Биыл облыста флюорографиялық тексерумен 73 883 адам қамтылып, 52 туберкулез жағдайы анықталды. Жоғары қауіп тобындағы азаматтардың 29 498-і тексеруден өтті.
«Туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеу үшін амбулаториялық емге де басымдық берілуде. Қазіргі таңда пациенттердің 80%-ы амбулаториялық жағдайда ем қабылдауда», — деп хабарлады СҚО фтизиопульмонологиялық орталығы.
Тағы оқыңыз: Петропавлда түнгі уақытта жүрген 10 жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салынды

