Солтүстік Қазақстан облысында бала болса да, мектебі жоқ ауылдар бар. Сондықтан жаңа оқу жылында екі мыңнан астам бала күн сайын білім алу үшін көрші ауылдарға қатынауға мәжбүр болады. Оқушылар үшін арнайы тасымал ұйымдастырылады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бұл мәселе әсіресе өз мектебі жоқ немесе қажетті сыныптар ашылмаған шағын елді мекендер үшін өзекті. Мұндай ауылдарда тұратын балалар көрші елді мекендердегі оқу ордаларында білім алады. Жалпы жаңа оқу жылында Солтүстік Қазақстан облысында 2,8 мыңнан астам оқушыны мектепке тасымалдау жоспарланған. Биылды өзінде екі мектеп жабылып жатыр. 

«Солтүстік Қазақстан облысында 2,8 мыңнан астам оқушы мектепке тасымалдаумен қамтылады. Оның ішінде 2063 бала күн сайын мектепке қатынайды. Қалған оқушылар үшін де білім беру процесі аясында тасымал ұйымдастырылады», — деп Qazaqstan Media сауалына Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Татьяна Протопопова жауап берді.

Осылайша, өңірде екі мыңнан астам бала күн сайын білім алу үшін бір елді мекеннен екіншісіне қатынайтын болады. Жаңа оқу жылында Солтүстік Қазақстан облысында 439 мектеп жұмыс істейді. Онда 73 437 оқушы білім алады.

Тағы оқыңыз: СҚО-да IT-саласындағы үздік жастар анықталды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *