Петропавлды Ресейге қосуды сұраған қала тұрғыны 3 жылға сотталды

«Чат Рулетка» қосымшасында Петропавлды Ресейдің құрамына қосуды сұраған қала тұрғыны сотталды. Оның әрекетінен сепаратистік белгілер анықталған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Осыдан екі жарым жыл бұрын қала тұрғыны «Чат Рулетка» қосымшасында бейтаныс адаммен бейнебайланыс арқылы тілдескен. Әңгіме барысында әйел адам Петропавл қаласын Ресей Федерациясына қосуды сұрайды. Бұл жазбаның барлығы кейін YouTube-те жарияланған. Осыған қатысты Петропавл қалалық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 180-бабы 2-бөлігі «Телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының біртұтастығын, оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзуды насихаттау» бойынша іс қозғады.

«Айыпталушының кінәсі толық дәлелденіп, ол 6 жылға сотталды. Алайда, әйелдің жолдасы 1-топтағы мүгедек болғандықтан, әрі баласының кішкентай екендігі ескеріліп, жаза 3 жылға қысқарды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады», – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Аптап ыстықта дәрігерлер көмегіне жүгінетіндер саны артқан

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x