СҚО сот жүйесінде бірқатар кадрлық өзгеріс болды. Петропавл қалалық сотына жаңа төраға тағайындалса, Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының басшысы өз қызметіне қайта тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында өткен кеңесте Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 29 шілдедегі Жарлығына сәйкес тағайындалған сот төрағалары таныстырылды.

Жарлыққа сәйкес, Бердібек Мұстафин өкілеттік мерзімінің бес жылдық кезеңі аяқталғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы қызметіне қайта тағайындалды.

Ал Петропавл қалалық сотының төрағасы болып Асқар Парманов тағайындалды. Ол бұған дейін Тайынша аудандық сотының төрағасы қызметін атқарған.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Серікжан Ғабдулин жаңадан тағайындалған сот төрағаларын құттықтап, жауапты қызметтеріне табыс тіледі.

«Кәсіби жетістіктерге жетіп, сот төрелігін жүзеге асыру жолындағы міндеттеріңізді абыроймен атқаруларыңызға тілектеспін», – деді облыстық сот төрағасы.

Сол күні Бердібек Мұстафин мен Асқар Парманов өздері басқаратын соттардың ұжымдарына да таныстырылды.

Тағы оқыңыз: Биыл Қазақстанда аптап ыстықтан 26 адам көз жұмған

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *