19-қыркүйек пен 4-қазан аралығында Жапонияда жазғы Азия ойындары өтеді.  Жылдың басты додасында жерлесіміз Наталья Богданова жаңа салмақ дәрежесінде бақ сынайды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Әйелдер арасында бокстан еліміздің бас бапкері Елдос Сайдалин жылдың басты додасына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады. Күншығыс елінде ел намысын бес былғары қолғап шебері қорғайды. Оның арасында теріскейлік Наталья Богданова да бар.

Солтүстікқазақстандық дүбірлі додада жаңа салмақта, яғни, 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Айта кету керек, жерлес спортшы соңғы қатысқан екі байрақты бәсекеде жүлдесіз қалды. 2025 жылғы әлем чемпионы аталған олқылықтың орнын толтырып, Азия ойындарында атой салады деп сенеміз.

Тағы оқыңыз: СҚО соттарында жаңа кадрлық тағайындаулар болды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *