Биылғы жаз елімізде ерекше ыстық болып тұр. Қазақстанда аптап ыстықтан 26 адам көз жұмған. Басына күн өтіп жедел жәрдемге жүгінгендердің санында есеп жоқ, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі «Astana» телеарнасына сілтеме жасап.
Биыл Қазақстанда аптап ыстықтан 26 адам көз жұмған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен төрт есе көп. Ал жедел жәрдемге жүгінген жандардың санында есеп жоқ.
Соңғы айларда елімізде 30 мың адам аптап ыстық салдарынан жедел жәрдемге жүгінген. Оның 2700-іне күн өту, ағзаның қызып кетуі және сусыздану белгілеріне байланысты көмек көрсетілсе, 200-ге жуық адам ауруханаға жатқызылған. Синоптиктер жаздың соңғы айында еліміздің оңтүстігі мен батысында негізінен ыстық, ал солтүстік жартысында жаңбырлы, найзағайлы әрі салыстырмалы түрде салқындау ауа райы қалыптасатынын болжап отыр.
Тағы оқыңыз: «Бізге жаңа өмірді ешкім сыйламайды»: Петропавлдық ардагер жастарды сайлауға қатысуға шақырды

