Солтүстік Қазақстан облысында тағы да кадрлық өзгеріс. Полиция департаментінің бастығы ауысты. Енді өңірдегі тәртіпті Руслан Назаров қадағалайтын болады, деп жазады Qazaqstan Media.
Ішкі істер министрінің бұйрығымен және Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша полиция полковнигі Руслан Назаров Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы қызметіне тағайындалды. Руслан Назаров бұған дейін де өңірде еңбек еткен. Ол СҚО полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарып, жедел қызметтердің, криминалдық полицияның және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің жұмысын үйлестірген.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Руслан Назаров ҚР Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратында еңбек етті. Ол министрліктің Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды. Ал осы уақытқа дейін СҚО полиция департаментін басқарған Абай Жүсіпов енді ҚР Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратында қызметін жалғастырады.
Тағы оқыңыз: СҚО-да күздік дақылдардың 64 пайызы жиналды

