Петропавл қаласының тұрғыны Людмила Милютина бірнеше жыл бұрын қағаздан түрлі қобдишаларды жасай бастаған. Бүгінде ол хоббиін табыс көзіне айналдырып отыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

46 жастағы Людмила Милютина мемлекеттік тілде емін-еркін сөйлейді. Бұған бала кезіндегі ортасы себеп болған көрінеді. Достарымен, ауылдың үлкендерімен қазақ тілінде сөйлесіп, тез үйреніп кеткенін айтады. Өзі Есіл ауданындағы Бұлақ ауылында бастауыш сыныпты оқып шыққан.

«11-сыныпты бітіргеннен кейін Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіне оқуға түстім. Оқу орнын 1993 жылы «Қазақ тілі» мамандығы бойынша тәмамдадым. Қазір Петропавлдағы №17 Ұлттық өркендеу мектеп-кешенінде оқушыларға қазақ тілінен сабақ беремін. Жалпы, еңбек өтілім – 23 жыл», – дейді Людмила Милютина.

Жерлесіміз жұмыстан тыс уақытта қолөнермен айналысады. Осыдан 6 жыл бұрын қағаз таяқшалармен тоқуды ғаламтор желісі арқылы меңгерген. Ол алдымен қағаз не газеттен арнайы таяқшалар жасап алады. Кейін оны бір-бірімен біріктріп, тоқиды екен.

«Бұл қолөнер түрі ең қиыны болып саналады. Өйткені, қажетті материалды өз қолыңмен жасау керек. Қағаз таяқшалардан неше түрлі себет, табақша, шкатулка, қорап, лапти және де жануарларды дайындаймын. Ол үшін жоғарыда аталғандай, қағаз не ескі газет, желім және акрил лагы керек. Жасалған заттарды күнделікті өмірде пайдалануға болады, жақындарыңызға сыйласаңыз да қуанып қалары сөзсіз», – дейді қолөнер иесі.

Бұл – Людмила Милютинаның хоббиі. Алайда, уақыт өте келе нәзікжанды сүйікті ісі арқылы табыс таба бастаған.

«Тоқылғаннәрсе жиналып көбейе бергесін, оны сатуға тура келді. Сөйтіп, хобби бизнеске айналды. Заттарды ғаламтор желісіндегі хабарландырулар арқылы сатамын. Сатып алам деген адам көп. Мастер класс өткізбеймін оған уақыт жеткіліксіз», – дейді жерлесіміз.

Тағы оқыңыз: Ғ.Мүсірепов ауданында тұрғын үй құрылысы қарқын алған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x