Петропавлда жастар арасында буллинг, діни сауаттылық, терроризм мен экстремизмнің алдын алу мақсатында жиын өтті. Шараны облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Қазіргі таңда буллинг мәселесі әлеуметтік желілерде де жиі кездеседі. Кейде балалар бір-бірін сыртқы келбетіне, отбасына немесе басқа да ерекшеліктеріне байланысты сынап жатады. Бұл мәселеге бейжай қарамау керек. Егер адам буллингке тап болса, бұл туралы ата-анасына, мұғаліміне немесе сенетін адамына айтқаны дұрыс. Бұл — шара шақыртылған дін қызметкерлері мен мамандардың пікірі.
Сонымен қатар бүгін дін тақырыбы да қозғалды. Әлеуметтік желілерде кейде адамдардың белгілі бір дінді немесе діни көзқарасты құрметтемей, жағымсыз пікір білдіретін жағдайларын кездестіреміз. Мұндай кезде жанжалға араласып, жауап ретінде балағат сөз қолданудың қажеті жоқ. Әр адамның өз таңдауы мен көзқарасы бар, сондықтан бір-біріміздің сенімімізге құрметпен қарауымыз асамаңызды.
Бұл сияқты іс-шаралар жастарға ақпаратты дұрыс қабылдауға, әлеуметтік желілерде сақ болуға және түрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алуға көмектеседі деп ойлаймын», — деді облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Анастасия Волкова.
Тағы оқыңыз: https://qaz-media.kz/wp-admin/post.php?post=134750&action=edit

