Петропавлда өрттен зардап шеккен ер адам жансақтау бөлімінде жатыр

Петропавлда 13-ші ақпан күні үш қабатты әкімшілік ғимаратта өрт болып, 1985 жылы туған ер адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп хабаралйды Qazaqstan Media тілшісі.

Өрт Ғ. Мүсірепов көшесіндегі үш қабатты әкімшілік  ғимараттың жертөлесінен шыққан. Тілсіз жау 60 шаршы метр жерге тарапты. Отты сөндіруге 23 маман мен жеті техника жұмылдырылды.

Өрт сөндірушілер ғимаратта болған ер адам құтқарды. Ол бірден аурханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр деп отыр.

«38 жастағы ер адам көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді. Оның тыныс алу жолдары күйіп қалған. Және қатты уланған. Жедел түрде реанимация бөліміне жатқызылды. Бүгінгі таңда жағдайы ауыр. Барлық қажетті емдеу шаралары жүргізіліп жатыр», -деп хабарлады СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: «Петропавл-Жезқазған» тасжолындағы жол апаты: Зардап шеккен тағы бір келіншек көз жұмды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x