Петропавл FIFA 2027 видео ойыны бойынша турнир өтті. Жарысқа 64 адам қатысып, кім мықтыны анықтады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Петропавл FIFA 2027 видеоойыны бойынша турнир өтті. Жарысты облыстық киберспорт федерациясы ішкі саясат басқармасының қолдауымен ұйымдастырды. Сайыста саусағы шапшаң, ойы ұшқыр әуесқойлар бақ сынады.

Петропавлда FIFA 2027 бойынша турнир өтті
Петропавлда FIFA 2027 бойынша турнир өтті

«Турнирімізге 64 адам қатысып жатыр. Олар 16 топқа төрт адамнан бөлінді. Алдымен өзара күш сынасады, кейін үздіктер ширек және жартылай финалға жолдама алады. Осылай чемпионды анықтаймыз. Біз осындай сайыстар арқылы Солтүстік Қазақстан облысында киберспортты дамытатын боламыз. Болашақта бұдан да ауқымды жобаларымыз бар», — деді турнирді ұйымдастырушы Алдияр Арас.

Сырт көзге экрандағы талас тартысты көрінбеуі мүмкін. Ал егер адам ықылас танытып, сайыстың динамикасын сезінсе, ерекше күй кешеді. Кирилл Джума мұндай турнирге қатысып отыр. Өз тобындағы қарсыластардың барлығын оңай жеңіпті.

Петропавлда FIFA 2027 бойынша турнир өтті
Петропавлда FIFA 2027 бойынша турнир өтті

«FIFA 2027 ойынын екі жыл бойы ойнап келемін. Өз тобымдағы қарсыластар аса қиын болмады. Кіл мықтылар плей-офф кезеңінде кездеседі. Бүгін чемпион атанғым келеді», — деді Кирилл Джума.

Жарыс жүлде қоры — 200 мың теңге. Турнирде топ жарған қатысушыға — 100 мың, екінші орынға — 70, үшінші орынға — 30 мың теңге беріледі. Айта кету керек, жаздан бері Петропавлда киберспорттан жеті турнир өтті.

Тағы оқыңыз: Жібек Жамұлдинова: «Инклюзивті білім беруде әр балаға жеке қолдау көрсету маңызды»

Поделиться:

Shares