Қазақстанда ақылы жолдардың тарифі қымбаттайды

Еліміздегі ақылы жолдардың тарифі көтеріледі. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қазақстандағы ақылы жолдардың тарифі 2013  жылдан бері өзгермепті. Тек былтыр 20 пайызға қымбаттаған. Биыл бұл мәселе  наурыз айында қоғам талқылауына шығарылатын болады.

«Биыл негізгі транзиттік дәліздер аяқталады. Оның ұзындығы – 2 091 шақырым. Сондықтан да ең біріншіден, тағы 1 800 шақырым жаңа учаскеде ақы алу жүйесі енгізіледі. Екінші – тарифті арттыру жағына қарай қарау. Оны сөзсіз қарастыратын боламыз. Неліктен екенін түсіндірейін. Біздің тарифті көрші елмен салыстырсаңыздар, Қазақстанда – 1 теңге 20 тиын болса, Ресейде – 7 теңге. Сіздер салық төлеушілердің емес, «ҚазАвтоЖолдың» бюджеті есебінен болғанын қалайсыздар ғой. Онда бір ғана жолы бар, ол – ақылы жолдар тарифін көтеру», – деді министр Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілішлердің сұрағына жауап беріп.

Министрдің айтуынша, ақылы жолдар тарифі күрт қымбаттамайды

«Мамандарымыз жолды күтіп ұстау, қосымша 1 100 техника сатып алу үшін қанша қаражат керектігін есептейді. Әрине, мұның бәрін бірден ақы алуға қоспаймыз. Бұл мәселе заңға сәйкес 14 күн талқылауға шығарылатын НҚА порталына орналастырылады. Қоғаммен талқылаймыз. Талқылауды наурызда бастауды жоспарлап отырмыз», – деді Марат Қарабаев.

Тағы оқыңыз: Үш солтүстікқазақстандық жалған полицейлер болып, тұрғындарды алдаған

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x