Отбасы банкіндегі депозитті енді тек туыстарға ғана табыстауға болады

21 тамыздан бастап «Отбасы банктегі» депозитті сату қызметі тоқтатылады. Енді депозитті тек туыстарға ғана табыстауға болады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

«21 тамыздан бастап Отбасы банкінде депозитті ақылы түрде табыстау (депозитті сату) қызметі тоқтатылады. Онлайн табыстау – депозиттердің онлайн дүкені іспеттес. Онда клиенттердің бірі салымдарын сата алса, екіншілері жинақтау жолын жылдамдатып, заемды тезірек алу үшін Отбасы банкінен шот сатып ала алады. Былтыр бірінші жарты жылдықта бұл мүмкіндікті 1 647 адам пайдаланған. Биыл дәл осы кезеңде депозиттерді сатып алып, заем рәсімдеген клиенттердің саны екі есе азайып, 973 адам болды. Жыл басталғалы қаржы институты 28 800 кредит берген», – делінген аталған банк мәліметінде.

Биыл 273 465 қазақстандық банкте жаңа жинақ шотын ашқан.

«Отбасы банкінде депозиттерді туыстарға табыстау қызметі сақталады. Оны тек банк бөлімшелерінде ғана емес, «Otbasy bank» мобильді қосымшасында онлайн режимінде де жасауға болады. Қызмет 5-10 минут уақытты алады», – деп нақтылады банк.

Бұл қызметті туыстардың келесі санаттары пайдалана алады: әйелі-күйеуі, ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырап алынған балалар, бір ата-анадан немесе әртүрлі ата-анадан туған аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері және басқа да жақын туыстары.

Атап айтқанда, банк бөлімшесіне барып, туыстық қатынасы жоқ, бірақ ортақ туыстары бар адамдар арасында депозиттерді табыстауға болады. Мысалы, салымшы бір мәміле аясында жарының ағасына өз депозитін табыстай алады. Ол үшін неке және туыстық қатынасты растайтын құжаттар (туу туралы куәліктер) қажет.

Тағы оқыңыз: «Севказэнерго» АҚ-да жаңа басшы

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x