«Севказэнерго» АҚ-да жаңа басшы

«Севказэнерго» акционерлік қоғамына жаңа басшы тағайындалды. Бас директор қызметін енді Анатолий Казановский атқарады, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Анатолий Казановский Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. Ол 1982 жылы Тайынша қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Петропавл гуманитарлық – техникалық колледжін «Салықтар және салық салу» мамандығы бойынша, 2007 жылы Щучинск қаласында қосымша білім алып шыққан. Бұдан кейін 2020-да «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша Алматы қаласындағы Қазақ қатынас жолдары университетінде сырттай оқыды. Анатолий Казановский әртүрлі жылдарда Солтүстік Қазақстан электр желісін тарату компаниясында, Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясында басшылық қызметтерін атқарды. Жалпы, азаматтың энергетика саласындағы жұмыс өтілі 20 жылдан астам уақытты құрайды.

Ендігі кезекте Анатолий Антонович «Севказэнерго» АҚ-ны басқаратын болады. Мұндай шешім 7 тамыз күні қабылданды. Айта кету қажет, жаңа басшы «Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығының құрметті энергетигі», Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен наградтталған. Еске сала кетейік, осыған дейін компанияға Олег Перфилов жетекшілік еткен.

Тағы оқыңыз: Аққайыңдар өлкесінде 7 мектеп жабылмақ

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x