Солтүстік Қазақстан облысының жасөспірім балуандары халықаралық жарыста өңір намысын абыроймен қорғады. Әзербайжан астанасы Баку қаласында өткен «Чемпион белдігі» халықаралық турнирінде жерлестеріміз бес жүлделі орынға ие болды. Оның екеуі – күміс, үшеуі – қола медаль, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Байрақты бәсекеге 10-нан астам мемлекеттен 150-ге жуық спортгы қатысты. Халықаралық турнирде боз кілемге шыққан солтүстікқазақстандық қыздар қарсыластарына лайықты қарсылық көрсетіп, шеберліктерін танытты. Нәтижесінде, облыс құрамасы ел қоржынына бес медаль салды.

Атап айтқанда, 54 келі салмақ дәрежесінде Ажар Тұрсынқұлова, ал 50 келіде Жасмин Сәрсембай күміс жүлдегер атанды. Қола медальді 33 келіде Айсана Асқар, 42 келіде Мария Алхимова және 40 келіде Давиденко Дарина жеңіп алды.

«Осылайша, Солтүстік Қазақстан облысының жас балуандары халықаралық турнирді екі күміс және үш қола медальмен қорытындылады. Жас спортшылардың бұл нәтижесінде жаттықтырушылардың еңбегі мен жүйелі дайындық жатыр», — деп жазылған СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы берген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Петропавлда қармен күрес басталды

Поделиться:

Shares