Солтүстік Қазақстан облысының жас спортшысы әлемдік додада топ жарды. Қызылжар ауданына қарасты Новоникольское ауылының тұрғыны Анастасия Беседина кәсіпқой әйелдер арасында гір спортынан абсолютті әлем чемпионы атанды. Халықаралық жарыс Латвия астанасы Рига қаласында өтті, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Ол — Геннадий Зенченко атындағы орта мектептің тоғызыншы сынып оқушысы. 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, алтын медаль иеленді. Анастасия әрқайсысының салмағы 24 келі болатын қос гірді серпе көтеру жаттығуын 78 рет орындады. Нәтижесінде қарсыластарынан озып, жарыстың үздік көрсеткішіне қол жеткізді.

15 жастағы солтүстікқазақстандық спортшы – гір спортынан абсолютті әлем чемпионы
15 жастағы солтүстікқазақстандық спортшы – гір спортынан абсолютті әлем чемпионы

Анастасия гір спортына екінші сыныпта келген. Оған спорт шебері атанған әпкесі Валентина Беседина үлгі болған. Жас спортшы табанды жаттығудың арқасында небәрі бір жарым жылдың ішінде өз жас санатындағы үздіктердің қатарына қосылды. Ал бүгінде, 15 жасында, кәсіпқой әйелдер арасында әлемнің абсолютті чемпионы атанып отыр.

Тағы оқыңыз: Мектептерде екінші сыныптан бастап диктант пен шығарма жазу қайта енгізіледі

Поделиться:

Shares