Маман кеңесі: Жаңа жылдық сыйлық алу кезінде нені ескеру керек?

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ата-аналар балалары үшін жаңа жылдық сыйлықтарды көптеп алады. Алайда балаларға сапалы әрі қауіпсіз сыйлық сатып алу үшін бірқатар ережені ескерген жөн. Оларды СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Гүлшат Асылбековамен тілдескен Qazaqstan Media тілшісі анықтады.

Жаңа жылдық сыйлықтарды дүкен, супермаркет, бөлшек және көтерме сауда базарларынан сатып алу керек. Сыйлықты сатып аларда ең алдымен қаптаманың түпнұсқалығы мен әсемдігіне емес, оның мазмұнына назар аудару қажет. Әрбір сыйлықта өнім туралы қазақ және орыс тілдерінде жазылған ақпарат пен анық оқылатын белгі (затбелгі) болуы тиіс.

«Тәттілердің құрамында дәм мен хош иісті күшейткіштер, консерванттар, синтетикалық бояғыштар, табиғи секілді хош иістендіргіштер, гидрленген майлар мен тоң майлар, сондай-ақ табиғи кофе болмауы керек. Табиғи бояғыштар мен хош иістендіргіштерге рұқсат етіледі. Сонымен қатар балалар арасында ішек ауруына әкелуі мүмкін кремді кондитерлік өнімдер секілді тез бұзылатын өнімдерді алмаған жөн», – деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тамақтану объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы Гүлшат Асылбеков.

Тамақ өнімдерінде міндетті түрде мына мәліметтер болуы тиіс: өнімнің атауы; дайындаушының өз аумағында тұтынушылардан шағым қабылдауға уәкілетті дайындаушының атауы және орналасқан жері (бар болса); нетто салмағы; өнімнің құрамы; тағамдық құндылығы; сақтау шарттары; жарамдылық мерзімі немесе сақтау мерзімі; өнім жасалған және сәйкестендірілуі мүмкін құжаттың белгіленуі; сәйкестікті растау туралы ақпарат.

«Жаңа жылдық сыйлық балаңыздың денсаулығына зиянын тигізбеуі үшін ойыншықтардың сапасы мен қауіпсіздігі туралы стандарттардың талаптарына назар аударған жөн. Сондықтан сіз сатушыдан сыйлықтың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды, атап айтқанда, сәйкестік декларациялары мен көлік жүк құжаттарын сұрауға құқылысыз», – деп атап өтті маман.

Егер жұмсақ ойыншық алғыңыз келсе, онда қатты немесе өткір заттар болмауы керек.

Тағы оқыңыз: Елімізде жаңа 5 мың теңгелік купюралар айналымға шықты

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x