2024 жылдан бастап автогаздың бағасы СҚО-да 81 теңге болады

ҚР Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағасын бекітті, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Жаңа баға шегі 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Аймақтар бойынша бекітілген максимал бағалар мынадай:

Астана – 76 теңге;
Алматы – 81 теңге;
Шымкент – 64 теңге;
Алматы облысы, СҚО – 81 теңге;
Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары – 54 теңге;
Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары – 76 теңге;
Жамбыл облысы – 71 теңге;
Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстары – 64 теңге;
Павлодар облысы – 74 теңге.
Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары – 76 теңге.
Әр облыстың шалғай аудандары үшін (облыс орталықтарынан 200 шақырымнан артық) баға лимиті 5 теңгеге жоғары болады.

Тағы оқыңыз:  Маман кеңесі: Жаңа жылдық сыйлық алу кезінде нені ескеру керек?

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x