Елімізде жаңа 5 мың теңгелік купюралар айналымға шықты

Ұлттық банк 2023 жылғы 25 желтоқсаннан бастап жаңа дизайндағы, 2023 жылғы үлгідегі, номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Бұл – «Сақ стилі» жаңа сериясының алғашқы банкнотасы.

«Ол дәстүрлі қазақ ою – өрнегінің бастаушысы болып саналатын және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін «Сақ стилі» элементтеріне негізделген», – делінген ҚР Ұлттық банкі таратқан  хабарламада.

Ақша белгісінің дизайны мен формасы туралы: Түсі – қызыл-қызғылт сары. Банкнотаның бет жағында: көкте қалықтап ұшқан құспен «Өмір ағашының» бұтағы (Есік қорғаны, б. д. д. 5-4 ғғ., Алтын адам бас киімінің бір бөлігі, табиғат пен наным байланысының қасиетті мағынасы); ДНҚ спиралы және адамның табиғатпен байланысын білдіретін ою-өрнекпен стильдендірілген шексіздік символы; жәдігер-бүркіт фигурасы түріндегі безендіру (Қорған Талды II, б.д. д. 7-6 ғғ.; бүркіт шексіз еркіндіктің, күш пен ептіліктің символы ретінде).

Банкнотаның сырт жағында ою-өрнекпен безендірілген қалқан фонындағы бүркіт бейнеленген. Негізгі бейненің артында дөңгелек қазақтың ою-өрнегі орналасқан. Бұл бейне мына идеяларды білдіреді: «Қалқан» – құндылықтарды қорғау; ежелгі символ – әлемнің төрт құбыласы; ортасындағы күн белгісі – өмірдің символы.

Сондай-ақ банкнотаның сырт жағында қанаты жайылған жәдігер-бүркіттің бейнесі бар. Банкнотаның ортасында Шарын каньонының ландшафты көрінісі орналасқан «шексіздік» қазақтың ою – өрнегінің фон-контуры бар.

 «Номиналы 5 000 теңге болатын жаңа банкноталар 2023 жылғы 25 желтоқсаннан бастап айналымға енеді. Ол жыл бойы айналымдағы 2011 жылғы үлгідегі номиналы 5 000 теңге болатын ұлттық валюта банкноталарымен  ауыстырылады. Яғни, ескі үлгідегі барлық банкноталар бір жылдың ішінде айналымнан біртіндеп алынатын болады. Тиісінше, банкноталар айналымда қатар жүрген уақытта халыққа ескі үлгідегі банкноталарды жаңа банкноталарға айырбастаудың қажеті жоқ. 2023 жылдың 25 желтоқсанынан 2024 жылдың 24 желтоқсанына дейін ескі және жаңа үлгідегі банкноталар айналымда қатар жүріп, есеп айырысуға жарамды болып саналады», – деді Ұлттық банк өкілдері.

Ұлттық банк мәліметінше, жаңа үлгідегі банкноталар 2024 жылдың наурыз айында ғана жаппай айналымға түседі.

Тағы оқыңыз: СҚО-да полицейлер заңсыз сатылып жатқан пиротехникалық заттарды тәркіледі

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x