СҚО-да полицейлер заңсыз сатылып жатқан пиротехникалық заттарды тәркіледі

СҚО-да полицейлер мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бірлесіп, «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Олар петардалар, ракеталар мен отшашулар сататын орындарды тексеріп жатыр, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Мамандардың айтуынша, бүгінгі күні Петропавлда арнайы сертификаты бар пиротехникалық өнімдер тек екі сауда орнында сатылады. Олар Кәрім Сүтішев көшесіндегі дүкенде және Жұмабаев көшесіндегі павильонда. Басқа сауда нүктелерінде мұндай тауарлар заңсыз сатылуда.
Рейд барысында тәртіп сақшылары аталған өнімдерді сату орындарына барып, сатушылардың рұқсат құжаттарын, қауіпсіз қолдану бойынша нұсқаулықтардың бар болуын, сақтау мерзімі мен шарттарын тексереді.

“Алғашқы күні -ақ ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 196-бабының бірден үш бұзушылығы анықталды. Сертификатталмаған 100 дана пиротехникалық өнім тәркіленді. «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы 3 қаңтар күні аяқталады”, – делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тағы оқыңыз:  Қазақстанда Аяз ата мен Ақшақардың қызметі қанша тұрады?

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x