Қазақстанда Аяз ата мен Ақшақардың қызметі қанша тұрады?

Жаңа жыл мерекесі жақындаған сайын Аяз ата мен Ақшақардың қызметтері қымбаттай түседі. Әрі ол күн мен уақытқа да байланысты. Сонымен, еліміздің әр өңіріндегі Аяз ата мен Ақшақардың қызметтерінің бағасын Qazaqstan Media  тілшісі  Kazinform сілтей отыра ұсынады.

Аяз ата мен Ақшақардың қызмет көрсету ұзақтығы әдетте 15-20 минут, кейде 30 минутқа дейін барады. Бағдарлама құны 15 минутқа 18-20 мың теңгеден, ал мереке жақындағанда 45-50 мың теңгеге жетуі мүмкін. Құттықтау қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.

Бағдарламаға жаңа жылмен құттықтау, балалармен ойнау, флешмоб, дөңгелек би, шыршаны жағу кіреді. Оған қоса, балалардың өлеңдерін тыңдау, сыйлықтар тапсыру және естелік фотосессия д бар. 

Алматыда көптеген event-агенттіктерде Аяз ата мен Ақшақардан үйде 15 минуттық құттықтаудың құны 20 мың теңгеден басталады. 30 минуттық бағдарлама үшін бағасы-35 мың теңге. Жаңа жыл қарсаңында, 31 желтоқсанда, әсіресе сағат 22:00-ден кейін бағалар 40-55 мың теңгеге дейін көтеріледі. Алайда, егер сіз бір Аяз атаны Ақшақарсыз шақырсаңыз, қызмет құны 35 мың теңге болады.

Бұл сомаға кейіпкерлердің шығуы, бір ойын өткізу, өлеңдерді тыңдау кіреді. Соынмен қатар,  фотосессия, сыйлықтар тапсыру және музыкалық сүйемелдеу бар.  Бағдарламаны әртараптандыру үшін басқа аниматор кейіпкерлерін қосымша шақыру мүмкіндігі бар.

Агенттіктер анимациялық бағдарламаны бірнеше күн бұрын брондауды сұрайды, өйткені жаңа жыл қарсаңында бос уақыт болмауы мүмкін.

Шымкентте Аяз ата мен Ақшақарды шақыру әлдеқайда арзан. Қарапайым құттықтаулар, әндер мен бірлескен фотосуреттер үшін аниматорлар таңдалған күн мен уақытқа қарамастан 20 мың теңге төлеу мүмкіндігі бар. Егер сізді қосымша аниматор, кейіпкердің, конкурстар мен ойындардың қатысуымен неғұрлым бай бағдарлама қызықтырса, онда құны 30 мың теңгеге дейін. Ал балаларға қосымша сыйлықтар 35 мың теңгеге барады.

Аяз ата, Ақшақар және үйретілген жануарлардың қатысуымен ауқымды бағдарламалар 85 мың теңгені құрайды.

Қазақстанның басқа қалаларында аниматорлардың қызметтері қолжетімді деуге болады.

Мысалы, Семейде хабарландырулар бойынша осындай құттықтаулар 7 000 теңгеден 35 000 теңге арасында.

Таразда 8 000-нан 30 000 теңгеге дейін.

Петропавлда бағдарламаның ұзақтығына байланысты аниматорлар 9 000-нан 25 000 теңгеге дейін алады. Жаңа жыл күні баға 18-40 мың теңгеге дейін көтеріледі.

Атырауда Аяз ата мен Ақшақарды үйге шақыру 30 мың теңге.

Ал, Көкшетауда орта есеппен 8000-нан 25000 теңгеге дейін. Мысалы, 20 мыңға аниматорлар ойындармен, әндермен және дөңгелек билермен жарты сағаттық бағдарлама ұсынады.

Павлодарда 5 минуттық экспресс құттықтауларға аниматорлар кем дегенде 6500-7000 теңге алады. 30 желтоқсаннан бастап бағалар өседі. Бағдарламаға және оның ұзақтығына байланысты қызмет құны да өзгереді, Мысалы, 10-20 минут ішінде – 8000-нан 25000 теңгеге дейін. Сонымен қатар, баға қатысатын балалардың санына байланысты, әр бала үшін қосымша ақы сұралады.

Ал, Қостанайда жаңа жыл қонақтарының құны 15 мың теңгеден басталады. Құттықтау бағдарламалары 15 минуттан басталады. 30-31 желтоқсанда қызмет құны 15-тен 22 мың теңгеге дейін жетеді. Сондай-ақ, бағдарламаға эльфтер мен басқа да ертегі кейіпкерлерін қосу ұсынылады, бұл жалпы құнға тағы 6-7 мың теңге қосады деген сөз.

Тағы оқыңыз: СҚО әкімі «Арман» орталығы мен балалар ауылының тәрбиеленушілеріне сый жасады

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x