Петропавлда «Жайлылық градусы» жобасының қорытындысы шығарылды. Бастама аясында облыс орталығындағы көпқабатты баспананың есіктері ауыстырылған болатын, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Бастама ақпан айында Еуропалық Одақтың қаржылай қолдауымен жүзеге асырылған болатын. Оның шеңберінде қаламыздағы Театральная көшесі, 47 мекенжайындағы көпқабатты үйді жаңғырту идеясы шағын грантқа ие болды. Жаңа бастаманы жүзеге асыруға 10 мың еуро бөлінді. Бұл қаражат жеті подъездің есігін ауыстыруға жұмсалды.
«Олар өз қаражаттары есебінен кіреберіске жөндеу жұмыстарын жүргізді. Орта есеппен әр пәтерден жөндеу жұмыстарына 50–60 мың теңге жиналды. Жобаның негізгі мақсаты — тұрғындар азаматтық белсенділік танытып, бірігіп, өздері тұратын ортаны жайлы етуге үлес қоса алатынын көрсету. Жоба шамамен жарты жылға созылды. Бүгінгі кездесу оның қорытынды кезеңі болып отыр. Қатысушылар атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен және бастаманы жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті. Бұл өзге тұрғындарға үлгі болмақ, — деді жоба жетекшісі Зульфия Тухватуллина.
Айта кетейік, жобаның игілігін240-тан астам пәтер иесі көрді. Жоба аясында тұрғындар тек үйдің сыртқы келбетін жақсартып қана қоймай, ортақ іске жұмыла қатысудың үлгісін көрсетті
Тағы оқыңыз: Петропавлда волонтерлерге арналған «Birgemiz Fest» фестивалі өтті


