мұқтаж жандарға киім-кешек жинап жүр

10 жасар петропавлдық өңірдегі ең жас волонтерлердің бірі. Виктория гаджеттерге үңілмей, бос уақытын пайдалы өткізгенді қалайды. Ол ата-анасымен қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға көмек көрсетеді, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Викторияның ата-анасы Наталья мен Геннадий облыс орталығындағы белсенді волонтерлердің бірі. Екі қыз тәрбиелеп отырған отбасы оларды кішкентайынан қайырымдылық жасауға баулыған. Сондықтан 10 жасар Виктория бүгіндері ата-анасымен бірге мұқтаж отбасыларға киім-кешек жинап, оларды сұрыптауға көмектеседі. Кейін бұл заттар «Аналар үйіне» жіберіледі.

«Мен бұл жерге анаммен бірге келемін. Мұқтаж жандарға көмектескен өзіме ұнайды. Біз оларға қажетті заттар, киім-кешектер мен тамақ апарып береміз. Менің ойымша, бұл өте пайдалы іс. Болашақта да осылай ата-анам сияқты адамдарға әрқашан көмектескім келеді», – дейді Виктория Борисова.  

 

10 жасар петропавлдық мұқтаж жандарға киім-кешек жинап жүр

Викторияның анасы Наталья – 31 жаста. Ол 5 жылдан бері «Помощь рядом»  еріктілер тобына мүшелік етеді. Кейін жолдасы Генадий да қосылған. Сальковтар отбасы үшін мұқтаж жандарға көмектесу хоббиге айналған.  

«Өзімнің тұрақты жұмысым бар. Бос уақытымда волонтерлік іспен айналысамын. Қызым Викторияға да бұл ұнайды. Әрқашан әкесі екеумізге көмектесіп, қайырымдылық жасауға ат салысып жүр. Сабақтан бос уақытында ғана оған волонтерлік қызметпен айналысуға рұқсат беремін. Біз қолдау көрсететін «Аналар үйін» қазіргі уақытта 5 әйел паналап отыр. Қиын жағдайға тап болған жандардың жүзіндегі күлкісін көру біз үшін бақыт», – дейді Викторияның анасы Наталья Салькова.

Сальковтар отбасын Петропавлда көбі таниды. Жақында ғана олар «Мерейлі отбасы» байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы атанды. Кішкентай балаларын да волонтерлік қызметке баулып жүрген олардың ісі өзге жанұяларға үлгі.  

Тағы оқыңыз:Петропавл тұрғыны заңсыз атыс патрондарын сақтап келген

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x