Қай кезде оқушылар онлайн оқитын болады

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері карантин кезінде оқушыларды қашықтықтан оқыту  шарттары белгіленген  қаулыға қол қойды. Құжат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында жарияланған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинация 1 қазаннан басталады.  Ол «2023-2024 жж.эпидемиялық маусымына тұмау және ЖРВИ бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу туралы» қаулыға сәйкес жүзеге асырылады. Сонымен қатар, құжатта  эпидемиялық маусым кезеңінде мынадай профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы жазылған.

  • Медициналық ұйымдарда-кіре берісте «сүзгілердің» жұмысын қамтамасыз ету, маскаларды пайдалану, антисептиктердің болуы;
  • ЖРВИ, тұмау белгілері байқалған жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларды үйде шақыруларға бірінші кезекте қызмет көрсету;
  • Мектепке дейінгі балалар ұйымдарында-күнделікті таңертеңгілік ЖРВИ және тұмау белгілері бар балаларды шеттету.

 Қаулыда орта білім беру ұйымдарында бір инкубациялық кезең ішінде сыныпта  20-дан 30% – ға дейінгі оқушылардың ЖРВИ ауруының жағдайлары тіркелсе, кабинеттік оқыту жүйесін тоқтату ға кеңес беріледі. 10 күнтізбелік күн ішінде сыныптарға жаңа балаларды қабылдауға тыйым салынады.

Ал, ЖРВИ жұқтырған оқушыладың  жалпы саны 30% және одан көп болса,  онлайн-оқытуға ауыстыру жүзеге асырылады.

Тағы оқыңыз: 10 жасар петропавлдық мұқтаж жандарға киім-кешек жинап жүр

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x