Петропавлда жетім қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген әйел сотталды

Петропалда өз пәтерін притонға айналдырып, 18 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға итермелеген әйел сотталды. Сонымен қатар, ол адам саудасы және алаяқтық баптары бойынша да жауапқа тартылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

39 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны Ақмола облысынан білім қуып келген жетім қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Басында WhatsApp арқылы массаж жасаушының жұмысын уәде етіп, алдап қолға түсірген. Кейін интимдік қызмет көрсетуге итермелеген. Студент бірнеше рет қашып шығып, оқуын жалғастырмақ болған. Бірақ, жеңгетай болған әйел оған моральдық қысым көрсетіп, күш қолданып қайтарып отырған. Ал клиенттерден түскен барлық ақшаны қалтасына басқан. Бұл факт өзге қылмысты тергеу барысында анықталды.

«Сондай-ақ ол 2,7 миллион теңге көлеміндегі асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша қызға берілген жәрдемақыны, 150 мың теңге көлеміндегі жиналған шәкіртақысын да өзіне аударып алған. Әккі әйелдің жұмысы мұнымен тоқтамаған. 2023 жылдың көктемінде Петропавлда сыпырып-жуушының жұмысын іздеп жүрген әйелмен танысып, оны да алдап, Ақмола облысына жыныстық пайдалану үшін 250 мың теңгеге сатып жібермек болған. Алайда осы әрекетін жүзеге асырмақ болғанда оны СҚО ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері ұстады», – деп хабарлайды СҚО ПД баспасөз қызметі.

Тамыз айында сот әйелге притон ұйымдастыру, адам саудасы және алаяқтық жасағаны үшін үкім шығарды. Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Мұндай қылмыстардың ұзақ уақыт бойы жасырын түрде жасалуына зардап шегіушілердің құзырлы органдарға жүгінбеуі де себеп. Сондықтан облыста  «Стоп трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Ол адам саудасына, еңбек және жыныстық қанаумен байланысты қылмыстарды анықтау және жолын кесуді көздейді. Үкіметтік емес ұйымдармен ақпарат алмасу, олармен бірлесіп адам саудасының құрбандарын анықтау, оларға құқықтық және әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде», – дейді СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жазасын өтеушілер құммен сурет салуға арналған үстелді жасап шығарды

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x