СҚО-да жазасын өтеушілер құммен сурет салуға арналған үстелді жасап шығарды

СҚО-да жазасын өтеушілер өз қолдарымен SandBox жасап шығарды. Құммен сурет салуға арналған үстел оларға арт-терапия жүргізу үшін қажет, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Мекеме психологтары сотталғандармен түрлі жаттығулар жасайды. Бірақ осыған дейін оларда құм терапиясын жасау мүмкіндігі болмаған. Ол үшін арнайы жарық түсірілген әйнек үстел қажет еді. Сондықтан арт-терапияны өткізу үшін № 48 мекемеде жазасын өтеушілер қолда бар материалдарды пайдаланып арнайы үстел жасап шығарған.

СҚО-да жазасын өтеушілер құммен сурет салуға арналған үстелді жасап шығарды

СҚО-да жазасын өтеушілер құммен сурет салуға арналған үстелді жасап шығарды
СҚО-да жазасын өтеушілер құммен сурет салуға арналған үстелді жасап шығарды

«Sand Art  әйнек үстінде сурет салу өнері. Бұл жиырмасыншы ғасырдың 70 жылдарында пайда болған терапия. Сурет құмда саусақтармен салынады. Терапия сотталғандардың есте сақтау қабілетін жақсартуға, қозғалыс пластикасын дамытуға көмектеседі. Сондай-ақ эмоционалды жағдайын бақылап,  депрессиямен күресуге көмектеседі», – дейді СҚО ҚАЖД № 48 мекеменің аға инспектор психологы.

Тағы оқыңыз: Петропавл тұрғыны заңсыз атыс патрондарын сақтап келген

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x