Петропавл тұрғыны заңсыз атыс патрондарын сақтап келген

Ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан Петропавл тұрғыны атыс патрондарын заңсыз сақтағанын мойындады. Қапқа салынған оқ-дәріні ол саяжай учаскесінде жасырған, деп хабарлайды Qazaqstan Media тілшісі.

Полицейлер тексеріс барысында қаладағы саяжай учаскелерінің бірінің маңынан қапқа салынған бес литрлік бөтелкені іздеп тапты. Оның ішіне иір ұңғылы қаруға арналған 5,45 мм калибрлі 659 патрон толтырылған.

Петропавл тұрғыны заңсыз атыс патрондарын сақтап келген
Петропавл тұрғыны заңсыз атыс патрондарын сақтап келген
Петропавл тұрғыны заңсыз атыс патрондарын сақтап келген
Петропавл тұрғыны заңсыз атыс патрондарын сақтап келген

«Оқ-дәрі толығымен тәркіленді. Сарапшылардың қорытындысы олардың атуға жарамды екенін анықтады. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. ҚР ҚК 287-бабына сәйкес, заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсырған тұлға, егер әрекетінде қылмыстың белгілері болмаса заң алдындағы жауапкершіліктен босатылады. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде», – дейді Петропавл қ. ПБ Бірінші полиция бөлімінің бастығы Тілеген Әлжанов.

Тағы оқыңыз: Петропавлда еліміздегі ең көне саябақтардың бірі орналасқан

 

 

Please follow and like us:
Subscribe
Notify of
guest
0 комментариев
Inline Feedbacks
View all comments
0
Would love your thoughts, please comment.x
()
x