Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданындағы көпбейінді ауданаралық ауруханада ауқымды жаңғырту жұмыстары аяқталды. Медициналық мекеменің қабылдау бөлімі толық жаңартылып, заманауи триаж жүйесі енгізілді. Жобаға қайтарылған активтер есебінен 1,1 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Аурухана ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту бағдарламасына енгізілген еліміздегі 32 медициналық ұйымның қатарына кірді.

Тайынша аудандық ауруханасы 1,1 млрд теңгеге жаңғыртылды
Тайынша аудандық ауруханасы 1,1 млрд теңгеге жаңғыртылды

Жоба аясында стационардың бірінші қабаты күрделі жөндеуден өтіп, екі корпуста құрылыс, әрлеу және инженерлік жұмыстар жүргізілді. Электрмен жабдықтау, жылыту, желдету, сумен жабдықтау және кәріз жүйелері жаңартылды. Медициналық газдарды орталықтандырылған беру жүйесі де іске қосылды.

Қабылдау бөліміндегі басты өзгерістің бірі – пациенттерді жағдайының ауырлығына қарай бөлуге мүмкіндік беретін триаж жүйесі. Бұл шұғыл медициналық көмекті қажет ететін науқастарды жедел анықтап, қызмет көрсету уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Медициналық мекеменің материалдық-техникалық базасы да жаңартылды. Жалпы құны 1,6 млрд теңгеге ангиографиялық жүйе, магниттік-резонанстық томограф, ультрадыбыстық зерттеу аппараттары және басқа да медициналық жабдықтар сатып алынды.

Сонымен қатар аурухананың автопаркі 12 жаңа жедел жәрдем көлігімен толықты. Оның 11-і ауылдық елді мекендерге жіберілсе, бір көлік аудандық ауруханада шақыртуларға қызмет көрсетеді. Арнайы көліктерді алуға жергілікті аграрийлер мен кәсіпкерлер қолдау көрсеткен.

Тайынша аудандық ауруханасы 1,1 млрд теңгеге жаңғыртылды
Тайынша аудандық ауруханасы 1,1 млрд теңгеге жаңғыртылды

Ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жаңартылған медициналық нысанның жұмысымен танысып, ауыл медицинасының әлеуетін арттыруға үлес қосқан кәсіпкерлерге алғысын білдірді.

Тайынша аудандық ауруханасы 1,1 млрд теңгеге жаңғыртылды
Тайынша аудандық ауруханасы 1,1 млрд теңгеге жаңғыртылды

Тағы оқыңыз: Петропавлда жүзу жаттықтырушысынан күшті әсер ететін дәрілер табылды

Поделиться:

Shares