Бірінші қазан — Қарттар күні! Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов мерекеге орай аға буын өкілдерін құттықтады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
«Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» деп қазақ халқы бекерден бекер айтпаған. Халқымыз үшін үлкенге құрмет көрсету – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан тағылымды дәстүр. Аға буынның өмір жолы – кейінгі ұрпаққа өнеге, ақыл-кеңесі – бағыт-бағдар. Облыс әкімі ел игілігі жолында еселі еңбек еткен ардагерлердің бүгінгі жетістіктерге қосқан үлесін атап өтті.
«Барша аға буын өкілдеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық тілеймін. Әр шаңырақта береке мен бірлік, жүректе жылу мен тыныштық болуын тілеп, қарияларға құрмет пен қамқорлық әрдайым жоғары болсын», — деді СҚО әкімі.
Айта кету керек, бүгінде елді екі миллион 400 мыңнан астам адам зейнетақы алады. Ғасыр жасаған жандардың саны — 44.
Тағы оқыңыз: СҚО-ның үздік жедел уәкілі – Рахат Ғалиасқаров

