2025 жылы СҚО-да 5 мың 400-ден астам жүк көлігі тексерілді. Оның мыңға жуығы шамадан тыс жүк тиеген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Облыста жыл сайын жүздеген шақырым жол жөнделіп жатыр. Жасыратыны жоқ, кейбірі екі-үш жылға жетпей желініп, шұңқырлар пайда болып жатады. Бұған шамадан тыс жүк тиелген көліктер кері әсерін тигізіп жатыр.

Оларға арналған айналмалы жол өткелдер болса да көбі төтесінен түскенді жөн көреді. Аталған олқылықтың орнын толтыру мақсатында облыс бойынша көліктік бақылау инспекциясы ауқымды жұмыс атқаруда.

«2025 жылы 5 мың 400-ден астам жүк көлігі тексерілді. Оның мыңға жуығы – шамадан тыс жүк тиеген. Иелеріне жалпы сомасы 213 млн теңге айыппұл салынып, өндірілді», — деді СҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Нұрсұлтан Жамашев.

2025 жылы ірі габаритті және ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүруіне 2085 арнайы рұқсат берілді. 2026 жылдың үш айында 1112 автокөлік құралы тексерілген. Нәтижесінде 86 бұзушылық анықталды. Иелеріне барлығы 12 млн теңге айыппұл салынды.

Тағы оқыңыз: СҚО-да педагогтер мен оқушылар жаппай ағаш отырғызды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *