Петропавлда «AMANAT» партиясының көмегімен жеті жасар балаға шұғыл түрде гастростома орнатылды. Бұл оның тұрақты тамақтануын қамтамасыз ететін медициналық көмек болды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Үш жыл жеткіншекке өңештің бітелуі диагнозы қойылған. Алғашында ол Петропавлда дәрігерлердің бақылауында болды. Кейін қосымша тексерулер мен ықтимал операция үшін Астанаға жіберілді. Алайда мамандар хирургиялық араласудан бас тартып, баланың тамақтануын қамтамасыз ету мақсатында манжета мен гастростома орнату туралы шешім қабылдады.

Баланың анасы Татьяна Лукьяненконың айтуынша, гастростоманы пайдалану бастапқыда айтарлықтай қиындық туғызбаған. Дегенмен уақыт өте келе оны заманауи, төмен профильді үлгіге ауыстыру қажеттілігі туындаған. Осы мәселемен ол «AMANAT» партиясының СҚОФ қоғамдық қабылдауына жүгінді. Түйткілді қарау барысында мұндай медициналық бұйымдардың қазіргі таңда мемлекет есебінен қаржыландырылмайтыны анықталды. Бұл өз кезегінде отбасыға қаржылық салмақ түсіреді.

«Біз бұл мәселені зерделеп, аталған бұйымдардың қаржыландырылмайтынын анықтадық. Уақытты жоғалтпау үшін жедел түрде кәсіпкерлерді тарттық. Қажетті құрал сатып алынып, қазірдің өзінде балаға орнатылды», – деді Петропавл қалалық мәслихатының депутаты Елена Семидоцких.

Сонымен қатар, партия өкілдері Қазақстандағы медициналық бұйымдарды жеткізушілермен, соның ішінде «Gelika» ЖШС-мен ынтымақтастық орнатқан. Кездесу барысында гастростомаларды жеткізу, оларды пайдалану ерекшеліктері және жүйелік шектеулер талқыланды.

«Бұл – үй жағдайында қолдануға ыңғайлы төмен профильді гастростома. Оны ауруханаға жатқызусыз өздігінен ауыстыруға болады. Қызмет ету мерзімі шамамен алты ай. Ешқандай қолайсыздық тудырмайды және пациенттердің толыққанды тамақтануына мүмкіндік береді. Мұндай көмек әсіресе ауыр неврологиялық сырқаттары бар, сал ауруына шалдыққан, онкологиялық дертке ұшыраған балалар үшін аса маңызды. Өкінішке қарай, ата-аналар мұндай құрылғыларды өз қаражатына сатып алуға немесе қолдау іздеуге мәжбүр», – деді компания директоры Вадим Паскевич.

Тағы оқыңыз: СҚО-да жедел-жәрдем қызметкерлері ер адамды өлімнен құтқарды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *