103 нөміріне 60 жастағы ер адамның жағдайы нашарлап жатқаны туралы хабар таңертең түскен. Оқиға орнына жедел шыққан жедел-жәрдем қызметкерлері науқасты дер кезінде құтқарды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Наурыз айында таңертең 103 нөміріне 60 жастағы ер адамның жағдайы нашарлап жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел-жәрдем бригадасы жедел жетті. Сол сәтте науқастың өлім мен өмірдің арасында болды.

Білікті мамандар бірден реанимациялық шараларды жүргізді. Науқасқа жанама массаж жасалды, өкпені жасанды желдету жұмыстары жүргізілді. Екі минут өткен соң көктамырдың ішіне 1 мг адреналин мен 300 мг сантадрон енгізілді.

Реанимация басталғаннан кейін 50 минуттан соң науқаста кенеттен өздігінен тыныс алу пайда болды, ұйқы артериясында пульсация анықталды. Ол көп бейінді қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Ем қабылдағаннан кейін науқас есін жиып, ауруханадан сауығып шығарылды.

Тағы оқыңыз: Өрт кезінде бөгет болған көліктерді бұзуға рұқсат беру ұсынылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *