Солтүстік Қазақстан облысында Республика күніне орай «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтеді. 17 қазанда басталған науқандар 27 қазанға дейін жалғасады. Мереке қарсаңында тұрғындарға азық-түлік пен өзге де тауарларды жеңілдетілген бағамен сатып алуға мүмкіндік беріледі, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Шара 27 қазанға дейін жалғасады. Бұл күндері сауда орындарында арнайы бағалар мен мерекелік ұсыныстар қарастырылған
«Republic Day» акциясына Петропавлдағы 10 сауда нысаны қатысады. Олардың қатарында Dostyq Mall, City Mall, «Рахмет», «Пирамида», «Айсберг» сауда үйлері, сондай-ақ «Технодом», «Сулпак», «Мечта» және DNS дүкендері бар.
Ал «Bereke Fest» акциясына 17 сауда нысаны қосылды. Олардың қатарында «Семейный», «Северный» және «Аймер» сауда желілері, «Айсберг» пен «Пирамида» супермаркеттері бар. Науқан Петропавлдан бөлек, Сергеевка, Мамлютка, Тайынша қалалары мен Новоишимское ауылын да қамтиды.
Республикалық акцияларды Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырып отыр. Бастама отандық өндірушілерді қолдауға, ішкі сауданы дамытуға және тауарлардың халыққа қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Тағы оқыңыз: Петропавлда үстел теннисінен ашық чемпионат өтуде

