Қарттар күніне орай 70 жастан асқан тұрғындарға онкологиялық орталық ашық есік күнін ұйымдастырды. Медициналық шара барысында 15 адам мамандардың кеңесіне жүгінді, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Қарттар күніне орай облыстық онкологиялық орталықта зейнеткерлерге арналған Ашық есік күні өтті. Шарада 70-тен асқан 15 адам мамандардың кеңесіне жүгінді. Оларға тегін қызмет көрсетілді.

Тексеру нәтижесінде бір зейнеткердкн жатыр денесінің қатерлі ісігі табылды. Диагноз цитологиялық зерттеу арқылы расталды. Бұдан бөлек, төрт адамнан түрлі аурулар анықталды.

«Шара аясында бес цитологиялық зерттеу жүргізілді. Ашық есік күнінің мақсаты – егде жастағы азаматтардың денсаулығын тексеріп, ауруларды ерте анықтауға мүмкіндік беру», — деп хабарлады облыстық онкологиялық орталық мамандары.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда 11 мыңнан астам адам жұмыссыз жүр

Поделиться:

Shares