Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы ерекше көңіл күйде өтіп жатыр. Дәрігерлер сайлау учаскесіне ақ халатпен, спортшылар спорттық киіммен келсе, өнерпаздар гитарамен ән шырқап жетті. Ал аудан орталығында жәрмеңке мен концерт ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Аудандағы сайлау учаскелері таңғы сағат жетіде Мемлекеттік Әнұранмен жұмысын бастады. Сол сәттен бастап тұрғындардың алғашқы легі  дауыс беруге келді.

Шалақындықтар дауыс беріп, концерт тамашалап, жәрмеңкеге баруда
Шалақындықтар дауыс беріп, концерт тамашалап, жәрмеңкеге баруда

Олардың қатарында ауданның мақтанышына айналған белгілі механизатор Сергей Пустыльников те бар. III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің иегері сайлау учаскесіне отбасымен бірге келді. Ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп жүрген механизатордың еңбегі мемлекеттік деңгейде жоғары бағаланған.

Шалақындықтар дауыс беріп, концерт тамашалап, жәрмеңкеге баруда
Шалақындықтар дауыс беріп, концерт тамашалап, жәрмеңкеге баруда

«Сайлауға қатысу – азаматтық жауапкершіліктің және ел болашағына бейжай қарамаудың көрінісі. Әрбір дауыс маңызды. Қазақстанның болашағын бірге айқындаймыз», – деді Сергей Пустыльников.

Бүгін аудандағы еңбек ұжымдары сайлау учаскелеріне ерекше дайындықпен келген. Мәселен, аудандық аурухананың қызметкерлері ақ халаттарын киіп, ұжым болып дауыс берді. Өнер адамдары болса, қолдарына гитара алып, ән шырқап, айналасындағыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ал спортшылар түрлі жарыстарда аудан намысын қорғап жүрген спорттық киімдерімен келді.  Сонымен қатар, Сергеевка Электр желісінің мамандары да ауызбіршілік танытып, саяси науқанға еңбек ұжымы болып келіп, таңдауларын жасады.

Шалақындықтар дауыс беріп, концерт тамашалап, жәрмеңкеге баруда
Шалақындықтар дауыс беріп, концерт тамашалап, жәрмеңкеге баруда

Аға буын өкілдері де саяси науқаннан шет қалған жоқ. Ауылдағы әжелер ансамблінің мүшелері сайлау учаскесіне бірге келіп, өз таңдауларын жасады.

Сайлау учаскелеріндегі мерекелік көңіл күй аудан орталығында да жалғасын тапты. Сергеевка қаласында ұйымдастырылған жәрмеңкеде тұрғындарға қолжетімді бағамен түрлі өнімдер ұсынылды. Сахна төрінде жергілікті өнерпаздар ән шырқап, би биледі.

Балалар да назардан тыс қалған жоқ. Сүйікті мультфильм кейіпкерлерінің киімін киген әртістер бүлдіршіндердің көңілін көтеріп, жексенбілік демалыстарын қызықты өткізуге мүмкіндік жасады.

Шалақындықтар дауыс беріп, концерт тамашалап, жәрмеңкеге баруда
Шалақындықтар дауыс беріп, концерт тамашалап, жәрмеңкеге баруда

Осылайша, Шал ақын ауданында сайлау күні отбасылық демалыспен, ауылдың күнделікті тіршілігімен және мәдени шаралармен ұштасып жатыр. Тұрғындар дауыс беріп, жәрмеңкеге барып, концерт тамашалап, бір-бірімен жүздесуде.

Шалақындықтар дауыс беріп, концерт тамашалап, жәрмеңкеге баруда
Шалақындықтар дауыс беріп, концерт тамашалап, жәрмеңкеге баруда

Айта кетейік, бүгін Шал ақын ауданында барлығы 31 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда сайлау барысын 1060 байқаушы қадағалап отыр

Поделиться:

Shares