Қоғам белсендісі ең алдымен 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеру туралы бастамаға назар аударды.
«Бұл ең төменгі жалақы алатын азаматтар үшін айтарлықтай өсім. Алайда халықтың табысы артқан кезде бағаның өсуін де тежеу маңызды. Сонда ғана тұрғындар жалақының көтерілгенін нақты сезінеді», – деді Жанат Какимов.
Ол Қазақстанның ірі логистикалық орталыққа айналуына да тоқталды. Ол үшін көлік инфрақұрылымын жаңартып, автомобиль жолдарын кеңейту қажет. Әсіресе Петропавл – Көкшетау тас жолын кеңейтудің Солтүстік Қазақстан облысы үшін маңызы зор.
Қоғам белсендісі шағын кәсіпкерлікті қолдау мәселесін де назардан тыс қалдырмады. Ол кәсіпкерлерді тексеруге мораторий енгізу және Салық кодексіне бизнестің жүктемесін азайтатын өзгерістер енгізу бастамаларын қолдайтынын жеткізді.
Жанат Какимовтың пікірінше, кәсіпкерлерге артық талаптар қойып, қосымша шығындарды көбейтпей, өз ісін еркін дамытуға мүмкіндік беру қажет.
Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.
Тағы оқыңыз: Жаңа Конституция әскери қызметшілердің жауапкершілігін арттырады

