Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне жетінші сыныпқа қабылдау жүріп жатыр. Талапкерлер құжатты 28-ші желтоқсанға дейін тапсыра алады, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

Назарбаев Зияткерлік мектебінде жетінші ші сыныпқа құжат қабылдау науқаны бастау алды. Комиссия ақпанның 28-ші желтоқсанға дейін жұмыс істейді. Талапкерге арнап барлығы 130 грант бөлінген.

Талапкерлер жыл басында алты бағыт бойынша тест тапсырады. Дәлірек айтсақ математикалық, сандық сипаттамалар, жаратылыстану және үш тіл бойынша сынақтан өтеді. Оқушылардың нәтижесі 40 күннен кейін Назарбаев Зияткерлік мектебінің сайтында жарияланады.

Білім ордасында оқимын деген оқушылар еліміздің түкпір-түкпірінен келеді. Мұнда ауылдан келген оқушылар мектеп-интернатында тұрады. Грантқа лекпеген балаға отбасының мүмкіндігі жетіп жатса мектепте ақылы оқуына да болады.

«Өтінімді eGov.kz порталы арқылы – онлайн. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің қабылдау комиссияларына қағаз түрінде беруге болады. Толық ақпаратты nis.edu.kz сайтынан және @nis.admission парақшасынан таба аласыз», — деп жазылған мектептің «Instagram» парақшасында.

Тағы оқыңыз: Жамбыл ауданында жаңа өндіріс орындары ашылып, ауыл инфрақұрылымы жаңаруда

Поделиться:

Shares