Солтүстік Қазақстан облысында сотталған адаммен кездесуге келген әйелден жасырын камера табылды. Бейне және дыбыс жазуға арналған құрылғы кәдімгі шарикті қалам түрінде жасалған, деп хабарлайды Qazaqstan Media.
Оқиға СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №51 мекемеде болған. Әйел сотталған азаматпен ұзақ мерзімді кездесуге келген. Оны тексеру кезінде мекеме қызметкерлері мен 5510 әскери бөлімінің әскери қызметшілері күдік тудырған қаламды анықтаған.
Қаламның ішіне жасырын бейне және дыбыс жазуға арналған камера орнатылған. Сондай-ақ құрылғыдан SD жад картасы табылды. Тыйым салынған құрылғы тәркіленіп, оны мекеме аумағына алып өту әрекетінің жолы кесілді.
Енді әйелге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 399-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалмақ.Әйелдің жасырын камераны қандай мақсатта алып келгені әзірге белгісіз.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап жазғы дөңгелекпен жүруге тыйым салынады

