Солтүстік Қазақстан облысында 15 мәслихатқа 193 депутат сайланады. Оның ішінде облыстық мәслихатқа 30, Петропавл қалалық мәслихатына 18, аудандық мәслихаттарға 145 депутат сайланады.
Облыстық мәслихат депутаттарының жартысы партиялық тізімдер, қалған жартысы бірмандатты округтер бойынша анықталады. Ал қалалық және аудандық мәслихаттарға тұрғындар нақты кандидаттарға дауыс береді.
Өңірдегі 543 сайлау учаскесінің 92-сі Петропавлда орналасқан. Сайлауды ұйымдастыруға 731 комиссия жұмылдырылған. Олардың құрамында 4 061 адам жұмыс істейді. Тұрғындар GOV.KZ порталы мен eGov Mobile қосымшасы арқылы өз сайлау учаскесін анықтай алады.
Жалпы, бүгін еліміз бойынша 228 мәслихатқа 3 447 депутат сайланады. Сайлауға жеті саяси партия қатысады. 11 мыңға жуық кандидат тіркелген. Мәслихат депутаттары бес жыл мерзімге сайланады. Олар жергілікті бюджетті бекітіп, жол жөндеу, ауызсумен қамтамасыз ету, қоғамдық көлік, абаттандыру және әлеуметтік нысандар салу сияқты мәселелердің шешілуіне ықпал етеді.
Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Сайлау қорытындысы бес күн ішінде шығарылады.
Тағы оқыңыз: Жолдаудағы бастамалар халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған

