Петропавлда сайлау учаскелері ашылған сәттен бастап тұрғындар дауыс беруге келіп жатыр. Жас өркен шағын ауданында орналасқан №668 сайлау учаскесі де таңғы сағат 7:00-де жұмысын бастады. Мұнда 2151 сайлаушы тіркелген, деп хабарлайды Qazaqstan Media.

№668 сайлау учаскесі Петропавлдағы Жас өркен ықшам ауданында орналасқан. Аталмыш аудан тұрғындары таңсәріден белсенділік танытып, дауыс беруге келуде.

Жас өркен тұрғындары таңертеңнен дауыс беріп жатыр
Жас өркен тұрғындары таңертеңнен дауыс беріп жатыр

«Сайлау комиссиясы толық құрамда жұмысын бастады. Барлығы тоғыз адам. Бізде тіркелген 2151 сайлаушының екеуі үйден дауыс беруге өтініш білдірді. Мүгедектігі бар 11 азамат тіркелген. Сонымен қатар алғаш рет сайлауға қатысатын екі тұрғын бар», – деді учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Майра Сәрсенова.

Мемлекеттік Әнұран шырқалып, сайлау учаскесі ресми түрде ашылғаннан кейін алғашқы сайлаушылар да көп күттірмей келе бастады. Солардың бірі – Әнуарбек Бекеев. Қала тұрғыны сайлауға қатысуды өзінің азаматтық парызы деп санайды.

Жас өркен тұрғындары таңертеңнен дауыс беріп жатыр
Жас өркен тұрғындары таңертеңнен дауыс беріп жатыр

«Мен өз таңдауымды жасадым. Елімізде өтетін барлық сайлаудан тыс қалмауға тырысамын. Себебі дауыс беру арқылы болашағымызды таңдаймыз. Ертеңгі күніміздің жарқын болуы үшін дауыс береміз. Жастарға үлгі көрсетіп, саяси науқанға қатысу керек деп ойлаймын», – деді қала тұрғыны.

Жалпы, бүгін еліміз бойынша сайлаушылар тізіміне 12 679 459 азамат енгізілген.

Тағы оқыңыз: Солтүстік Қазақстанда 543 сайлау учаскесі жұмысын бастады

Поделиться:

Shares