Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтарды МӘМС жүйесіндегі жарналар мен аударымдарды уақытылы төлеуге шақырды. Себебі сақтандыру мәртебесінің үздіксіз сақталуы — медициналық көмекті кедергісіз алудың басты шарты, деп жазады Qazaqstan Media. 

Қордың мәліметінше, «сақтандырылған» мәртебесі соңғы 12 ай ішінде жарналар тұрақты төленген жағдайда ғана беріледі. Егер төлемде үзіліс болса, мәртебе уақытша тоқтатылып, азаматтың МӘМС аясындағы медициналық қызметтерге қолжетімділігі шектелуі мүмкін.

«Жарналар мен аударымдар ай сайын толық әрі уақытылы төленуі тиіс. Бұл міндеттемелердің орындалуын мемлекеттік кірістер органдары бақылайды. Ал мерзім бұзылған жағдайда өсімпұл есептеліп, салықтық әкімшілендіру шаралары қолданылады»,-дейді мамандар.

Мемлекеттік кірістер комитеті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен бірлесіп, МӘМС жүйесіне төленетін жарналар мен аударымдардың уақытылы түсуін тұрақты түрде бақылауда ұстап отыр.

2025 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын азаматтар арасында төлемді кешіктіру деректері жиі тіркелген.

Осыған байланысты қор азаматтарға төленбей қалған кезеңдердің бар-жоғын алдын ала тексеріп, қажет болған жағдайда өткізіп алған айлар үшін төлем жасауды ұсынады. Бұл сақтандыру мәртебесін жоғалтпай, медициналық көмекті уақытында алуға мүмкіндік береді.

Тағы оқыңыз: СҚО-дағы серіктестіктен ұрланған 10 млн теңге Ақтөбе қаласынан табылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *