Петропавлда санаулы күндер ішінде екі бірдей балақай көпқабатты үйдің терезеніне құлап кетті. Осыған байланысты полицейлер үндеу жасады, деп жазады Qazaqstan Media.

Көпқабатты үйлердің терезесінен балалардың құлауы, әсіресе күн жылына жиілей бастайды. Үлкендер жағы терезелерге торкөз орнатып, ашып қояды. Бірақ олар бастысы — балалардың қауіпсіздігіне мән бермейді. 

Петропавлда бір апта ішінде болған екі факті де осыған дәлел. Бірінші оқиға 13-ші сәуір күні болды. Онда екі жастағы сәби екінші қабаттан құлады. Бірден жедел жәрдем арқылы ауруханаға жеткзілді. Қазіргі кезде жағдайы тұрақты. Дәрігерлердің бақылауында, өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Ал, екінші жағдай, 16-шы сәуірде тіркелді. Береке ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің терезесінен үш жастағы бала құлады. Ол да түрлі жарақат алғанымен, сүйек сынуы жоқ. Жарақаттану бөлімінде ем қабылдап жатыр. Екі жағдайда да ересектер үйде болған. 

Балалардың терезеден құлау фактілерін ескере отырып, полицейлер тұрғындарға үндеу жасады.

«Соңғы уақытта  балалардың терезеден құлауы жиілеп кетті. Сәуір айында екі факті тіркелді. Осыған байланысты, ересектерге баралаларды терезесі ашық тұрған бөлмеде жалғыз қалдырмауды сұраймыз.  Орнатылған москит торы құлаудан қорғап қалмайды. Терезе маңынан жиһаздарды алып тастаңыздар. Терезеге бекіткіш орнатыңыздар. Бір минут —  баланың өмірін алуы мүмкін-деді бейнеүндеуде Петропавл қ. ПБ бастығы Серік Әлжанов. 

Тағы оқыңыз: СҚО-дағы серіктестіктен ұрланған 10 млн теңге Ақтөбе қаласынан табылды

Поделиться:

Shares

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *